Қазақстанның шығысында жер сілкінді

©Тengrinews.kz

Қазақстанның шығыс бөлігінде жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімі геофизикалық қызметінің сайтына сілтеме жасап.

РҒА СБ геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалының мәліметінше, Семей қаласынан оңтүстікке қарай 257 шақырымда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелген.

Тербеліс эпицентрінің кординаттары - 48,25 градус солтүстік ендік және 79.03 градус шығыс бойлықта. Дүмпу ошағындағы тербелістің жітілігіне қарай оған "қатты" деген баға беріліп отыр. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, мұның алдында 11 желтоқсан күні Алматыдан 77 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі тіркелген болатын. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Алматыда жер сілкінісі сезілмеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама