Қазнетте Mercedes пен BMW жүргізушілерінің жарысы түсірілген видео талқыланып жатыр

Қазнетте Mercedes пен BMW жүргізушілерінің жарысы түсірілген видео талқыланып жатыр

Жамбыл облысыны? полицейлері екі к?лік ж?ргізушілеріні? бір-біріне ?арсылы? к?рсетіп, жарыс?аны т?сірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының полицейлері екі көлік жүргізушілерінің бір-біріне қарсылық көрсетіп, жарысқаны түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізушілердің соңынан жүріп бара жатқан куәгерлердің осы сәтті видеоға түсіріп алған. Видеода екі иномарка жүргізушілерінің - Mercedes пен BMW жүргізушілерінің бір-біріне жол бермей тұрғаны көрінеді. Онымен қоса, олар бір-бірін бірнеше рет соғады.

Кейбір қолданушылар бұл видеоның Алматы облысындағы Қаскелеңде түсірілгенін айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары осы видеоға қатысты түрлі пікірлер жазып жатыр. Жүргізушілер бір-біріне жол берді ме немесе әрі қарай қарсылық көрсетіп тұрды ма - белгісіз.

Реклама
Реклама

Алматы облыстық ІІД өкілдері көліктегі мемлекеттік нөмірдің Жамбыл облысына тиесілі екенін хабарлады. Сондықтан олар бұл видеоға қатысты ешқандай түсінік бермеді.

Ал Жамбыл облысының полицейлері видеоны тексеріп жатқандарын хабарлады.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама