Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан кетіп қалған жасөпірім табылмай жатыр

Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан кетіп қалған жасөпірім табылмай жатыр © aktobenews.kz

"Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынын 17 жастағы Әлібек Жанзақов кетіп қалып, қайта оралмаған, - деп хабарлады Aktobenews.kz.

"Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынын 17 жастағы Әлібек Жанзақов кетіп қалып, қайта оралмаған, - деп хабарлады Aktobenews.kz.

Жасөспірім орталықтан бесінші шілде күні кетіп, хабарсыз қалған. Қазір оны қаладағы еріктілер мен полиция іздеп жатыр. Көрген, білген адамдар бар, дегенмен нақты орналасқан жері әлі белгісіз.

"Ол бұған дейін Темір ауданында бір отбасының тәрбиесінде болды. Бірақ тәртібіне байланысты Ақтөбеге алып келді. Ата-анасы бар бала туралы басқа ақпарат бере алмаймын", - деді орталық директоры Өмірбек Текешов.

Жарнама
Жарнама

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де іздеу жүріп жатқанын хабарлады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама