"Қордай" шекарашылары теледидар ішінен Макаров тапаншаларын тапты

© RNR21

?ыр?ызстан мен ?аза?стан шекарасында тапаншалар мен о?ан арнал?ан о?-д?ріні ?ткізбек бол?ан рейс автобустарыны? екі ж?ргізушісі ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ??? Шекара ?ызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында тапаншалар мен оған арналған оқ-дәріні өткізбек болған рейс автобустарының екі жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚҚ Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Қордай" өткізу пунктінің жасағы мемлекеттік шекарадан "ПМ" маркалы екі тапанша мен оған арналған 9 патронды заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті. Қару Бішкек-Шымкент бағытындағы "Неоплан" жолаушылар автобусынан инспекциялық тексеру кешені және қызметтік итті пайдалана отырып жіті тексеру барысында табылды", - делінген хабарламада.

Қару жүк арасына жасырылған: қорапқа салынған теледидардың артқы жағына бекітіп қойған және куәгерлердің сөзіне қарағанда бұл жүк жолаушылардікі емес, оны беріп жіберген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама