Қостанай облысында 3 автомобиль соқтығысқан жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты

Қостанай облысында 3 автомобиль соқтығысқан жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты kstnews.kz сайты

Қостанай облысында ірі жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде 2 адам қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, - деп хабарлайды "Костанайские Новости" облыстық ІІД әкімшілік басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенко.

Оның айтуынша, Mercedes автомобилінің 26 жастағы жүргізушісі Қостанайдан Затобольскке қарай кетіп бара жатқан. Көлікте 6 жасар ұлы да болды. Кей деректер бойынша, көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen автомобилімен соқтығысқан. Машинада 30 жастағы жүргізуші мен 36 жастағы әйел адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан олар оқиға орнында көз жұмды. 

Реклама
Реклама

Соқтығысан екі көлік қарама-қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi автокөлігіне соғылды. 38 жастағы жүргізуші дін аман. Mercedes жүргізушісі мен оның ұлы ауруханаға жеткізілді. Олар ауыр хәлде жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама