Қостанай облысында әкесі 16 жастағы қызын екі жылдан бері зорлап келген

© NN.BY

?останай облысында ?з ?ызын екі жыл бойы зорлап келген ер адам?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды "?останай жа?алы?тары" облысты? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында өз қызын екі жыл бойы зорлап келген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, 38 жастағы тұрғын 2015-2017 жылдар аралығында 2001 жылғы қызын зорлап келген. 

Судья оны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, ер адам педагогикалық қызметке және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін қызметке тұрудан өмір бойына шектелді. 

Реклама
Реклама

Сотталушы жазасын максималдық қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесінде өтейді. 

Үкім әзірше заңды күшіне енбеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама