Қостанай облысында болған жол апатынан жүргізуші қаза тапты

© chelyabinsk.74.ru

?останай - ?улиек?л - С?р?ан тасжолында бол?ан жол апатынан ж?ргізуші ?аза тапты, - деп хабарлайды alau.kz облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолында болған жол апатынан жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды alau.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жол апаты жайлы куәгерлер хабарлаған. Қостанай облыстық Ішкі істер департаменті бұл мәлімететті растады.

Жол-көлік оқиғасы 30 қыркүйекте сағат 19.50-де Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолында Қарасу ауданы Қойбағар ауылының маңында болған.

Реклама
Реклама

"35 жастағы жүргізуші Renault Logan көлігімен келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып кеткен. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қарасу аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама