Қостанай облысында ірі жол апаты болды

Фото pavlodarnews.kz сайтынан алынды

Арқалық - Торғай автожолында 13 қаңтар күні жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты туралы хабар сағат 12.30-да Арқалық қалалық ішкі істер басқармасына түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тергеуші топ Арқалықтан шыққан МАЗ жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі жолдың нашар көрінуінен, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп "ВАЗ 2106" көлігімен соқтығысқанын анықтады, оның рулінде Аменкелді ауданының 61 жастағы тұрғыны, ал көліктің ішінде екі жолаушы болған. 

Екі көліктің түйісуінен кейін МАЗ-дың тіркемесіне үшінші көлік келіп соғылды. Жол апатының салдарынан "ВАЗ 2106" автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты, ал сол көлікте отырған 11 жастағы жолаушының оң жамбасы сынып, ауруханаға жеткізілді, басқа адамдар зардап шеккен жоқ.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, қаңтардың 5-і күні Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Жол апаты Ақтөбе - Астрахань тас жолының 19-шақырымында болды. Opel және Toyota автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Төрт адам оқиға орнында жан тапсырды. Аман қалған 6 жолаушы жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында 1,5 жасар сәби бар. Баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама