Қостанай облысында кен қызметкерлері жаппай уланды

Қостанай облысында кен қызметкерлері жаппай уланды ©Tengrinews.kz

Лисаковск қаласында "Қазақстан Алюминиі" компаниясына қарасты Краснооктябрьск боксит кен басқармасының Красногорск боксит кенішінің қызметкерлері жаппай уланып қалды. Бұл туралы ERG компаниясының Facebook әлеуметтік парақшасында айтылды. 

Лисаковск ауруханасына 25 қызметкер астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Кенішке қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары аттанып, тиісті сынама үлгілерін алды.

"Барлық кен басқармасының асханасының ас мәзірінен ет, тауық жұмыртқасы алып тасталды. Қайнамаған суды қолдануға тыйым салынды. Кен басқармасының барлық қызметкері толықтай бөтелкеленген және қайнаған сумен қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама