Қостанай облысында өрттен екі адам қаза тапты

6 қаңтарда 01:40 шамасында Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Веренка ауылында жекеменшік тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды "Алау"

6 қаңтарда 01:40 шамасында Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Веренка ауылында жекеменшік тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды "Алау"

Үйдің шатыры құлап, толықтай өртеніп кеткен. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өрт 03:32-де ауыздықталып, 07:03-те толығымен сөндірілді. 

"Қарабалық ауылындағы орталық аудандық ауруханасына мүмкіндігі шектеулі 1956 жылғы ер адам жеткізілген. Оның денесі 30-40 пайыз күйіп қалған, жағдайы ауыр", - дейді Қостанай облыстық ТЖД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оқиға орнында екі адамның мәйіті табылды. Олардың кім екендері және өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама