Қостанай облысында сотталушыны заңсыз түрде босатқан жергілікті полиция қызметінің басшысы жазаланды

© vashgolos.net

?останай облысында сотталушыны за?сыз т?рде босат?ан полиция ?ызметіні? басшысы мен та?ы ?ш ?ызметкер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?останай облысы прокуратурасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында сотталушыны заңсыз түрде босатқан полиция қызметінің басшысы мен тағы үш қызметкер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жітіқара ауданында болған. Жазаны өтеуден заңсыз босату әрекетін Жітіқара ауданының прокуратурасы тоқтата алған. "2017 жылдың 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түнінде аумақтық жергілікті ІІБ полиция қызметінің басшысы бұрын әкелінген тұлғаны әкімшілік қамауға алынған айыпталушылар камерасынан заңсыз шығарып, оған ішкі істер бөлімінен кетуіне көмек көрсеткен", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, енгізілген қадағалау актісі бойынша жергілікті полиция қызметінің басшысы және заңнама бұзушылықтарына жол берген оның үш полиция қызметкерлері тәртіптік деңгейде жазаға тартылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама