ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 қараша 2019 15:54
Қостанай облысында жолда қалып қойған 40 тәжікстандық құтқарылды
Қостанай облысының төтенше жағдайлар қызметі 40 тәжікстандықты аяздан құтқарып қалды, - деп хабарлайды Аlau.kz.
Басылымның мәліметінше, олар Екатеринбургтен қайтып бара жатқан.
Тобыл станциясынан келе жатқан автобус аязда тұрып қалған. Қостанай облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімовтің айтуынша, тәжікстандықтарды полицейлер мен құтқарушылар аман алып қалған.
"Қазіргі уақытта 40 жолаушы мен екі жүргізуші Лисаковскідегі техникалық колледждің жатақханасына орналастырылды. Автобус тоқтап қалған жерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр", - деді облыстық ТЖД басшысы.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу