Қостанай облысында жүргізуші үш адамды қағып өлтірді

?останай облысында бол?ан жол апатынан ?ш жаяу ж?ргінші ?аза тапты, - деп хабарлайды alau.kz облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында болған жол апатынан үш жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды alau.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазанда шамамен сағат 1.30-да Жітіқарада Жібек жолы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында болған. 23 жастағы жүргізуші "Лада" көлігімен 36, 55, 51 жастағы үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ал кейінірек оқиға орнынан жасырынған, бірақ полиция қызметкерлері оны ұстай алды.

"Жол апаты салдарынан 51 және 55 жастағы ер адамдар алған жарақаттарынан Жітіқараның орталық аудандық ауруханасында көз жұмды, ал үшінші адам да ауыр жағдайда жатып, кейінірек көз жұмған", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама