"Қостанай-ТҚКО" кеден басшысының қандай күдікпен ұсталғаны белгілі болды

?останай кеден басшысыны? ?сталуыны? м?н-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросы департаментіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай кеден басшысының ұсталуының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомстводағылар Мемлекеттік кіріс департаментінің "Костанай-ТҚКО" кеден бекетінің басшысының ұсталғанын хабарлады. 

"Л. Нұрғазина қылмыстық жоспар құрып, жүйелі түрде жеке тұлғалардан тауарлардың кеден арқылы жылдам тіркелуі үшін пара алып отырған. Осы жоспар бойынша кеден бекетінің 11 қызметкері және 30-дан аса кәсіпкер тартылған. Әр адамның өз рөлі болған. Л. Нұрғазина барлығын бақылап, реттеп отырған, ал кассир ретінде кеден бекетінің маманы М. Жақсылықов болған", - делінген таратылған мәліметте. 

Реклама
Реклама

Қараша мен желтоқсан аралығында алынған параның мөлшері 10 миллион теңгеден асқан. Қазіргі уақытта Нұрғазина мен Жақсылықов ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Рудныйдың ІІБ-сіндегі уақытша ұстау изоляторына жабылған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама