Қостанайда алаяқ медбике зейнеткерлердің ақшасын ұрлаумен айналысқан

© nnm.ru

?останайда жас ?ыз ?зін медбике ретінде таныстырып зейнеткерлерді? сеніміне кіріп, п?терлерінен а?ша ?рлап кетіп отыр?ан, - деп хабарлайды Alau.kz басылымы ?алалы? прокуратураны? ?кілі Айдар Бекназаров?а сілтеме жасап. 

Қостанайда жас қыз өзін медбике ретінде таныстырып зейнеткерлердің сеніміне кіріп, пәтерлерінен ақша ұрлап кетіп отырған, - деп хабарлайды Alau.kz басылымы қалалық прокуратураның өкілі Айдар Бекназаровқа сілтеме жасап. 

"Күдіктінің өзі аңғал адамдардың үйлеріне ойланбай кіргізетінін айтады. Медбике қандай да бір қылмысқа барады деген күдік оларда туындамаған. Зардап шеккендердің бірі тіпті оны шай ішуге шақырған", - дейді Бекназаров. 

Қыз жалпы алғанда 100 мың теңге ұрлап алған, алайда тергеу одан тек 2 мың теңге ғана тәркіледі. Күдікті қолды еткен ақшаның барлығын жұмсап қойған болып шықты. Қазіргі кезде іс сотқа жолданды. 

Реклама
Реклама

"Қостанай қаласының прокуратурасы қала тұрғындары мен қонақтарын мұндай жағдайларда абай болып, қажетті құжаттарының барын тексеріп, сізге келген адам расында да дәрігер екенін медициналық мекемелерге қоңырау шалып, біліп отыруға шақырады", - дейді прокуратура өкілі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама