Қостанайда емделуші аурухананың төртінші қабатынан секіріп кеткен

Қостанайда емделуші аурухананың төртінші қабатынан секіріп кеткен © alau.kz

Қостанайдың қалалық ауруханасында ер адам төртінші қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды alau.kz

Оқиға 6 қаңтарда болған. Бұл ақпаратты аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев растап отыр. 

Дәрігердің сөзінше, 44 жастағы азаматтың жағдайы қалыпты болған. Ал түсте оған жақындары келіп кеткен. 

Жарнама
Жарнама

"Дезориентация байқалған жоқ немесе қозуы болғаны емес. Ешкім мұндай болады деп күдіктенбеді. 4-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Неге олай жасағанын білмеймін. Полиция анықтап жатыр", - дейді Самат Шүменбаев. 

Ер адамға не болғаны хабарланбай отыр. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама