Қостанайда ІІБ қызметкері 23 жастағы жігітті қағып кетті

?останайда Ішкі істер бас?армасыны? ?ызметкері 23 жаста?ы жігітті ?а?ып кетті, - деп хабарлайды Alau.kz облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда Ішкі істер басқармасының қызметкері 23 жастағы жігітті қағып кетті, - деп хабарлайды Alau.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қазанда шамамен сағат 6.35-те 32 жастағы жүргізуші KIA Rio көлігімен келе жатып Қостанайдың 23 жастағы тұрғынын қағып кеткен. Зардап шеккен жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.

KIA Rio тізгінінде Қостанайдың ІІБ қызметкері болды. Ол көлікті жұмыстан тыс уақытта жүргізді, қызметтік көлікпен жүрмеген", - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

ІІД мәліметінше, полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама