Қостанайда қатты соққан желден 40-тан аса үйдің шатыры ұшып кетті

?останайда ?атты со??ан желден 40-тан аса ?йді? шатыры ?шып кетті, - деп хабарлайды Аlau.kz облысты? Т?тенше жа?дайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қостанайда қатты соққан желден 40-тан аса үйдің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Аlau.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

8 маусымда сағат 17.40-та Қостанай облыстық ТЖД кезекші бөліміне қатты желдің салдарынан Қостанай-2 массивінде тұрғын үйлердің шатырлары қирап жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен.

Реклама
Реклама


© alau.kz

Оқиға орнына келген соң Қостанай-2 массивіндегі 37 үйдің шатыры ұшып кеткені анықталды. Бүлінген аумақ 1512 шаршы метрді қамтыған. Қаза тапқандар жоқ.

Бірақ 28 жастағы әйелдің зардап шеккені айтылады. Оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әйел ауруханаға жатудан бас тартты.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, бүлінген үйдің тұрғындары эвакуациядан бас тартқан.

Айта кетейік, қатты желден бөлек 8 маусымда Қостанайда қатты жауын-шашын жауған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама