Қостанайда суши-бардан тамақтанған 13 адам уланып қалды

Қостанайда суши-бардан тамақтанған 13 адам уланып қалды ©Ярослав Радловский

Қостанайда 13 адам астан уланып қалып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі облыстық департамент жетекшісінің міндетін атқарушы Сәуле Байменоваға сілтеме жасап.

Астан уланғандардың бәрі сәуірдің 10-ынан бері қаладағы бір суши-бардан тамақтанған. "Қазір олардың бәрі "ішек инфекциясы" диагнозымен ауруханада жатыр", - дейді Байменова.

Мамандар шағын және орта бизнесті тексеруге арналған мораторийге байланысты әлгі суши-барды тексере алмай отыр. "Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі бас агенттікке құжат жолданды. Арнайы рұқсат берілгеннен кейін ғана біз бұл кәсіпорынға тексеріспен бара аламыз", - дейді облыстық департамент жетекшісінің міндетін атқарушы.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама