Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды: Полицей көлік тізгінінде ұйықтап кеткен

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды: Полицей көлік тізгінінде ұйықтап кеткен © kstnews.kz

?останайда жант?ршігерлік жол апаты болды. Полицей к?лік тізгінінде келе жатып ?йы?тап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?останай облысты? сотты? баспас?з ?ызметіні? ?кіліне сілтеме жасап. 

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды. Полицей көлік тізгінінде келе жатып ұйықтап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

Қостанай қалалық № 2 сотының судьясы Қостанай қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторының кезекші полицейі 1995 жылғы М. есімді азаматты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасына үкім шығарды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша айып тағылды. 

"Іс материалдары бойынша, 30.07.2017 жылы шамамен 05:45-те М. "Ваз Приора" маркалы көлігінің тізгінінде ұйықтап кеткен. Бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кеткен ол "Лада Гранта" көлігіне соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші О.Янковский алған жарақатынан қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, 30 шілдеде Қостанайда ІІБ қызметкері мен такси жүргізушісі соғысқан. "Лада Гранта" жүргізушісі ауруханаға жеткізілген, алайда ол көп ұзамай жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама