Қостанайлық экс-шенеунік бір қорап кәмпит үшін салынған миллиондаған айыппұлды төлемейтін болды

© Chocablog.com

Облыстық сот Қостанай ТҮКҚ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкинге бір қорап кәмпитті сыйға алғаны үшін салынған миллиондаған айыппұлды алып тастады, - деп жазады "Наш Костанай".

Басылымның мәліметінше, Шинкин өзіне заңсыз сыйланған кәмпиттер үшін 600 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс болған. Қостанай облыстық сотының қаулысы биыл 28 наурызда заңды күшіне енді. Сонымен қатар, ол кәмпиттерді сыйлаған кәсіпкер кінәсін толық мойындады. Бірақ сыйлықты қабыл алған Шинкин сотқа шағымданып, сот бұған қатысты істе дәлелдің жоқ екенін растады. Осылайша, экс-шенеунік бұған дейін арқалаған көлемді айыппұлын төлемейтін болды. 

Басылымның хабарлауынша, 6 сәуір күні атышулы "әкімдік ісі" бойынша бірінші бөлімнің үкімі шығарылады, бұл істің басты фигуранттары Жеңіс Шинкин, экс-орынбасар Фрунзик Аракелян және "СМУ-2010" ЖШС директоры Александр Бобровный.

Реклама
Реклама

Шинкинге қатысты мемлекеттік айыптаушы тарап қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша оны 10 жылға соттап, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтетуді және өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыруды сұрады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама