Қозғалтқышы істен шыққан бір моторлы ұшақ Жамбыл облысына қонды

"Тecnam-P 2002" ұшағы.

Алматы облысынан ?ш?ан "Тecnam-P 2002" бір моторлы ?ша?ыны? ?оз?алт?ышы ж?мыс істеуден бас тартып, ?ша? ш??ыл ?ону?а м?жб?р болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысты? ТЖД сілтеме жасап.

Алматы облысынан ұшқан "Тecnam-P 2002" бір моторлы ұшағының қозғалтқышы жұмыс істеуден бас тартып, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД сілтеме жасап.

"24 шілдеде сағат 8.20-да Алматыдан № 32 бағытта ұшып шыққан бір моторлы "Тecnam-P 2002" ұшағы оқу-жаттығу ұшуын жасап жатқанда шұғыл қонды. Ұшақты Азаматтық авиация академиясының курсанты Р.Жұмағалиев басқарды. "Тecnam-P 2002" ұшағы Азаматтық авиация академиясы жанындағы тренинг орталыққа тиесілі", - деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД өкілдері. 

Ұшақ Қаскелеңнен 180 шақырым жерге Жамбыл облысына қонған. Зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама