ҚР ІІМ қиылыста қызды ұрып-соққандарды іздестіріп жатыр

?Р ІІМ Instagram желісіндегі еap_kz аккаунтында жариялан?ан ?ызды аяусыз ?инау к?ріністері бар видео?а ?атысты т?сінік берді. Роликті? жазбасында "автор к?мектесуіне болар еді, алайда онда не бол?анын кім білсін" - деп жазыл?ан.

ҚР ІІМ Instagram желісіндегі еap_kz аккаунтында жарияланған қызды аяусыз қинау көріністері бар видеоға қатысты түсінік берді. Роликтің жазбасында "автор көмектесуіне болар еді, алайда онда не болғанын кім білсін" - деп жазылған.

Видео үзінділерінен оқиғаның үйлердің арасында түсірілгені байқалады. Ер адам қызды күштеп ұстап отыр. Қыз "көмектесіңдер" деп айғайлайды, бірақ ер адам оның аузын қолымен жабады. Қыздың бетінен ұрады, сөмкесін алып, кетіп қалады. Видеода қыздың есінен танып қалғаны көрінеді. Бірнеше уақыт өткен соң ер адам қасында тағы бір адаммен келіп қызды жұлқылап тұрғызбақ болады. Ары қарай не болғаны белгісіз, себебі видео үзіліп кеткен.  

Қазіргі уақытта видеороликті полицейлер зерттеп жатыр. 

Реклама
Реклама

"ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жарияланған видеоны тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның қайда және қашан болғанын анықтау үшін кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Қорытындылар толықтырылып, хабарланатын болады", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама