ҚР ІІМ сәбиді ұрып-соғу сәті түсірілген видеоны зерттеп жатыр

Ішкі істер министрлігіні? ?кілдері ?йелді? с?биді ?рып жат?ан с?ті т?сірілген видеоны зерттеп жатыр. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?Р ІІМ мемлекеттік тіл ж?не а?парат департаментіні? директоры Алмас С?дубаев айтты.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері әйелдің сәбиді ұрып жатқан сәті түсірілген видеоны зерттеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты.

"ҚР ІІМ өкілдері видеода сәбиді ұрып-соғып жатқан әйелді анықтау мақсатында барлық шараны қолданып жатыр. Кейінірек оқиғаның мән-жайы анықталған соң, осы іске процессуалдық баға беріледі. Видео зерттеліп жатыр", - деді Сәдубаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бұл видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Видеодағы кадрлардан әйелдің диванда отырып, сәбиді ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Онымен қоса, әйел оған "аузыңды жап" деп айғай салып, сәбидің бетінен ұруын қоймайды. Болжам бойынша, сәби 1-ге де толмаған. 

Реклама
Реклама

Видеоны Instagram желісіне жүктеген авторлардың айтуынша, бұл видое бірнеше ай бұрын түсірілген. Олардың айтуынша, сәбиді ұрып-соғып жатқан әйел Қарақалпақстанның тумасы және Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарының маңында тұрған.

"Бұл сұмдық видеоны біз жақында көрдік. Қатыгез ана - біздің танысымыздың көршісі. Біз оны іздедік, сөйтсек ол көшіп кетіпті. Қазір ешкім де оның қай жақта екенін білмейді. Сәбидің тағдыры алаңдатады. Ол жүкті екен, жүктілігінің шамамен 8-ші айында", - деп жазды видеоны жариялаған Фариза есімді қыз.

Қазіргі уақытта видеодағы әйел жайлы мәліметтің барлығы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жіберілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама