ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 ақпан 2017 16:21
ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің ұсталған сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді
ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер әскери қызметкердің ұсталған сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram қолданушылары әскери қызметкердің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады. ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның айтуынша, әскери қызметкер ҚР Қарулы күштеріндегі қызметінен шығарылған.
"Көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізген Е.Әбжанов ұсталып, Көкшетау қалалық ІІБ-ге жеткізілген. Ол полиция қызметкерлерімен сөзге келіп қалған. Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін Е.Әбжанов Қарулы күштерден шығарылды", - делінген ресми хабарламада.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу