Құлаққап киіп, жолдан өтпек болған қызды пойыз басып кетті

Құлаққап киіп, жолдан өтпек болған қызды пойыз басып кетті © ktzh-gp.kz

"Астана-Алматы" жолаушылар пойызы теміржолды кесіп ?тпекші бол?ан ?ызды ?а?ып, мерт ?ылды. О?и?а 2 ?ырк?йекте та??ы уа?ытта Отар-Алматы-1 аума?ында, Шамал?ан бекетіне жа?ын ма?да бол?ан, - делінген "?ТЖ - Ж?к тасымалы" сайтында. 

"Астана-Алматы" жолаушылар пойызы теміржолды кесіп өтпекші болған қызды қағып, мерт қылды. Оқиға 2 қыркүйекте таңғы уақытта Отар-Алматы-1 аумағында, Шамалған бекетіне жақын маңда болған, - делінген "ҚТЖ - Жүк тасымалы" сайтында. 

№ 232 пойызының машинисі теміржолда бөтен адамның жүруіне байланысты дереу тежегішті басқан. Алайда қағып кетудің жолын алу мүмкін болмады. "Оқиға барысында қыз бала құлаққаппен келе жатып, машинистің дабылын елемеген", - делінген хабарламада. 

Қаза болған қыздың кім екені анықталды. Оқиға туралы ақпарат Шамалған бекетінің Көліктегі желілік ішкі істер полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама