ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 19 наурыз 2014, 10:15
Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды
Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.Жерасты дүмпулері бүгін, 19 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 07.31-де тіркелген. Сілкіністің эпицентрі Алматыдан 420 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында. Жерасты дүмпулері ошағы бес шақырым тереңдікте болған.Еске сала кетейік, 17 наурыз күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 314 шақырымда жер сілкінісі болған еді. Магнитудасы 5-ке тең дүмпулердің ошағы Қытайдың аумағында анықталды. Мұның алдында 16 наурыз күні Алматыдан 130 шақырым қашықтықта - Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Оның әсері Саты, Күрметі елді мекендері аумағында МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл түрінде сезілген болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии