Қырғызстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің 17 қарашада Астана уақыты бойынша, 23.29-да тіркелгені хабарланып отыр. Магнитудасы 6,3 болған зілзаланың ошағы Қырғызстанның территориясында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 495 шақырымда орналасты. 

Институт өкілдерінің мәліметінше, Таразда және Меркеде күші 3 балл болатын жер сілкінісі сезілген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы мәлімет жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама