Қырғызстанда болған жер сілкінісі Тараз тұрғындарына сезілді

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Тараз тұрғындарына сезілді Tengrinews.kz мұрағатынан

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Тараз тұрғындарына сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің 1 желтоқсанда Астана уақыты бойынша, 12.13-те тіркелгені хабарланып отыр. Магнитудасы 5,7-ге тең зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 353 шақырым жерде болды.

Институт өкілдерінің мәліметінше, Таразда күші 3 балл болатын жер сілкінісі сезілген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы мәлімет жоқ.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама