Қытайда жер сілкінісінен 25 адам зардап шекті

©Ntv.ru

Қытайдың оңтүстігінде жойқын жер сілкінісі болып, соның салдарынан тұрғындар жарақат алды, - деп хабарлайды "Интерфакс" жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша Юньнань провинциясында болған зілзала кезінде 25-ке жуық адам зардап шеккен, оның бесеуінің жарақаты ауыр. Қытай сейсмологтері жергілікті уақыт 05.00-де магнитудасы 6,1 болатын тербелісті тіркеген. 

Жерасты дүмпулерінің эпицентріне жақын маңдағы бірнеше елді мекенде баспаналарға зақым келіп, автожолдар опырылған. Билік өкілдерінің айтуынша, жердің түнгі мезгілде сілкінбегені абырой болған, зілзала болған уақытта адамдардың көбі жұмысқа, балалар мектептер мен балабақшаларға кеткен.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендер саны мен табиғи апат шығыны нақтыланып жатыр.
 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама