Қызыл кітапқа енген арқарды селфи жасау үшін жаралағандар ұсталды

?ара?анды облысында браконьерлер селфи жасау ?шін ?ызыл кітап?а енген ар?арды? т?я?тарын сындыр?ан., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. ?азіргі кезде браконьерлер ?сталып, олар?а ?атысты соталды тергеу ж?ргізіліп жатыр. 

Қарағанды облысында браконьерлер селфи жасау үшін Қызыл кітапқа енген арқардың тұяқтарын сындырған., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі кезде браконьерлер ұсталып, оларға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Видеоны полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстау кезінде түсірген. Видеода тұяғы сынған жануардың қансырап жатқаны көрінеді. Арқар қар үстінде жатыр, көзі ашық. Жануардың қасында күдіктілер көрінеді. Полицелер күдіктілерден ұялы телефонды тәркілеп, оның ішінен арқармен жасалған селфиді анықтады. Ал жануардың аяғын қашып кетпес үшін сындырған. 

Жыртқыштар әлемін қорғау рейд шаралары барысында күдікті браконьерлер ұсталған. Ер адамдардан аңшылыққа бейімделген төрт ит пен жараланған арқар тәркіленген. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу шаралары жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама