Қызылорда әкімдігі ғимаратының алдында атыс болды

© YouTube

Қызылорда орталығында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға болған жерде түсірілген видео Интернетте жарияланды.

Кадрдан төбелеске 20 шақты адамның қатысқанын көруге болады. Олар бір-біріне тас лақтырып, оқ атады. Бірнеше оқтың дауысынан кейін жанжалға қатысушылар жан-жаққа шашырап кетті.

Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс 3 наурызда қалалық әкімдік ғимаратының алдында болған. Болжам бойынша, төбелеске қатысушылар жақын маңда орналасқан оқу мекемелерінің студенттері болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Ескерту! Бейпіл сөздер қолданылған.


© MixedLine/YouTube

Айта кетейік, видеоны полицейлер тексеріп шықты. Қызылорда облысы ІІД өкілдері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама