ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 наурыз 2016 15:17
Қызылорда әкімдігі ғимаратының алдында атыс болды
Қызылорда орталығында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға болған жерде түсірілген видео Интернетте жарияланды.
Кадрдан төбелеске 20 шақты адамның қатысқанын көруге болады. Олар бір-біріне тас лақтырып, оқ атады. Бірнеше оқтың дауысынан кейін жанжалға қатысушылар жан-жаққа шашырап кетті.
Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс 3 наурызда қалалық әкімдік ғимаратының алдында болған. Болжам бойынша, төбелеске қатысушылар жақын маңда орналасқан оқу мекемелерінің студенттері болуы мүмкін.
Ескерту! Бейпіл сөздер қолданылған.
© MixedLine/YouTube
Айта кетейік, видеоны полицейлер тексеріп шықты. Қызылорда облысы ІІД өкілдері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын айтты.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу