Қызылорда балабақшасындағы жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы анықталды

видеодан үзінді

?ызылорда ?алалы? білім б?ліміні? жетекшісі Ас?арбек Есжанов балаба?шаларды? бірінде бол?ан жант?ршгігерлік о?и?аны? м?н-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Желіде жариялан?ан видеода балаба?ша т?рбиешісіні? б?лдіршінді ?рып-со??аны к?рінеді. С?йтсек, б?л о?и?а ?алада?ы №3 мектеп-лицейіні? ма?ында орналас?ан "Бибіжар Ана" жекеменшік балаба?шасында бол?ан екен

Қызылорда қалалық білім бөлімінің жетекшісі Асқарбек Есжанов балабақшалардың бірінде болған жантүршгігерлік оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Желіде жарияланған видеода балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінді ұрып-соққаны көрінеді. Сөйтсек, бұл оқиға қаладағы №3 мектеп-лицейінің маңында орналасқан "Бибіжар Ана" жекеменшік балабақшасында болған екен

Бүлдіршіннің анасының айтуынша, оқиға 28 наурызда болған. Балабақшадағылар іс-шараға дайындалып жатқан, осы дайындық кезінде тәрбиешілердің бірі шараның қанша уақытқа созылатынын анықтау үшін видеоға түсіре бастаған. Соған қарағанда, видеоны Желіге сол тәрбиеші салған. 

Ал бала төрт жаста екен, ол отбасында екінші бала. Оның анасы бұл оқиға жайлы видеоны әлеуметтік желілерден көргеннен кейін ғана білген. Осыдан кейін ол дереу полицияға хабар берген. 

Реклама
Реклама

Бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші Анар Нұрғалиева 12 сәуірде өз қалауымен жұмыстан шығыпты.

"Ол "Бибіажар Ана" балабақшасы ашылғалы бері 5 жыл бойы істеп келді. Балабақша 85 балаға арналған", - деді Есжанов.

Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы бала аз қамтылған отбасынан шыққан деген қауесетті жоққа шығарды. 

"Бала ауылдан шықпаған. Отбасы қаланың тұрғындары. Оның шешесі - 1988 жылғы Ақмарал Құдайбергенова. Екі баласы бар, бұл үлкені. Әлеуметтік желілерде қате ақпарат таралып жатыр", - деп хабарлады Есжанов.

Қазіргі уақытта, шенеуніктің айтуынша, қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Алайда, оның айтуынша, қалалық білім бөлімі Кәсіпкерлік туралы кодекске сәйкес, жеке балабақшаларды тексеруге құқылы емес. 

Еске салайық, баланы ұрып-соғу әрекеті түсірілген видео Желіге таралғаннан облыстық ІІД соталды тергеу бастаған болатын.  

"Осы видео бойынша Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл деректің наурыздың соңында Қызылорда қаласындағы балабақшалардың бірінде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау") сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама