Қызылорда облыстық ІІД полицей мен үш ер адамның төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатыр

Қызылорда облыстық ІІД полицей мен үш ер адамның төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатыр

?ызылорда облысыны? Ішкі істер департаменті полицей мен ?ш ер адамны? т?белесі т?сірілген видео?а ?атысты ?ызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті полицей мен үш ер адамның төбелесі түсірілген видеоға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде полицейлер мен үш ер адамның Қызылордадағы полиция бөлімшесінің маңында төбелескені түсірілген видео пайда болған еді. Видеодан полицейдің бастапқыда бір ғана ер адаммен төбелесіп жатқаны, кейіннен ол төбелеске тағы бір ер адамның қосылғаны көрінеді. Ал видеоның соңында басқа бір полицейдің өтіп бара жатқан адамның велосипедін тартып алғанын байқауға болады.

Жарнама
Жарнама

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы видео бойынша қызметтік тексерістің жүргізіліп жатқанын және оның қорытындысы қосымша хабарланатынын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама