Қызылорда облысында 3 жасар бала тоғыз күннен бері іздестіріліп жатыр

Баубек Алтайұлы

Қызылорда облысында 3 жасар бала тоғыз күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөзқызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 тамызда баланың әкесі үш ұлымен бірге Қармақшы ауданындағы Калинин жеріне шөп оруға шығады. Бала сол жерде жоғалып кеткен.

"Алтайұлы Баубекті іздестіруге Қармақшы аудандық ІІБ, ІІД, ТЖ қызметкерлері, кинологтар, әкімдік қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен еріктілер жұмылдырылды. Сегіз күн ішінде олар ауданның оңтүстік, солтүстік, Калинин бағытындағы батыс бөлігін, шығыс бағытындағы Сарыөзек жерін қарап шықты. Іздестіру жұмыстары жалғастырылып жатыр", - деп жазылан ведомство хабарламасында.

Реклама
Реклама

Баланың үстінде қара кеудеше, қара шолақ шалбар, көк аяқ киім және басында көк бас киімі болған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама