Қызылорда түбінде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты

© avtosreda.ru

Қызылорда түбінде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Тағы төрт адам ауруханаға түсті.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 қаңтарда болған. "Қызылорда - Жалағаш автожолында Сырдария ауданының 9-шы разъезінде екі жеңіл көлік соқтығысты. Бес адам қаза болды, тағы төртеуі ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті", - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасының дерегі бойынша "Бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама