Қызылордада жанармай құюшыға баспен соққы жасаған ер адам сотталды

© Tengrinews.kz

?ызылорда ?аласыны? №2 сотында б?за?ылы? жаса?ан ер адам?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? №2 сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының №2 сотында бұзақылық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарына қарағанда, ер адам жанармай құю бекетіне тоқтап, май құюшыға 1 000 теңге жанармай құюға тапсырыс берген. Сондай-ақ, ол оған "неге сыртта тұрмайсың, не үшін айлық алып отырсың" деп айтқан. Ал жәбірленуші оның айтқан сөздеріне мән бермей кетіп бара жатқан. Сол кезде ер адам оны тоқтатып, жағасынан ұстап тұрып бет-тұсынан бір мәрте өзінің басымен соққы жасаған. Содан екінші ер адам жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алған", - деп хабарлады соттағылар. 

Жәбірленуші сотта берген жауабында сотталушыға кешірім бермейтінін және сотталушыға заңға сай жаза тағайындауды сұраған.

Реклама
Реклама

Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, оған қатысты пробациялық бақылау орнатылды.
Үкім заңды күшіне енбеген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама