Қызылордадағы балақбақшада бүлдіршінді ұрып-соғу дерегі бойынша соталды тергеу басталды

?ызылордада?ы бала?ба?шада б?лдіршінді ?рып-со?у дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қызылордадағы балақбақшада бүлдіршінді ұрып-соғу дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұндай шешім оқиғаның видеосы Желіге таралғаннан кейін шығарылған. 

"Осы видео бойынша Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл деректің наурыздың соңында Қызылорда қаласындағы балабақшалардың бірінде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау") сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД өкілдері. 

Реклама
Реклама

 

Айта кетейік, Желіде жарияланған видеода балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінді ұрып-соққаны көрінеді. Сөйтсек, бұл оқиға қаладағы №3 мектеп-лицейінің маңында орналасқан "Бибіжар Ана" жекеменшік балабақшасында болған екен. Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанат Мұхаметқалиеваның айтуынша, видеода баланы ұрып-соққан әйел жұмыстан шығыпты. "Бұл оқиғаның қашан болғаны әзірше белгісіз. Біз енді ғана осы мәселемен айналысып жатырмыз. Балабақша жетекшісі тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын айтты", - деді Мұхаметқалиева.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама