Қызылордадан 300 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпуінің ошағы картада көрсетілген. ©emsc-csem.org

23 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 04.13-те Қызылордадан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым қашықтықта 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпуі Өзбекстан аумағында бес шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Беруни қаласынан солтүстік-батысқа қарай 218 шақырым қашықтықта, ал Нөкіс қаласынан солтүстік-батысқа қарай 236 шақырымда анықталды.

Қираған мүлік пен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама