ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 қыркүйек 2014 09:43
Қызылордадан 300 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды
23 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 04.13-те Қызылордадан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым қашықтықта 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуі Өзбекстан аумағында бес шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Беруни қаласынан солтүстік-батысқа қарай 218 шақырым қашықтықта, ал Нөкіс қаласынан солтүстік-батысқа қарай 236 шақырымда анықталды.
Қираған мүлік пен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу