Қызылордалық полицейлер жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушіні іздестіріп жатыр

видеодан үзінді

?ызылорда полицейлері жедел ж?рдем каретасын жібермеген ж?не жол ережесін ?рескел б?з?ан ж?ргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қызылорда полицейлері жедел жәрдем каретасын жібермеген және жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода жедел жәрдем каретасын жібермеу үшін бір жолақтан екіншіге ауысып, маневр жасаған көлікті көруге болады. Сондай-ақ, жеңіл көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, яғни жолақты қиып, бағдаршамның қызыл түсіне өткен. 

Қызылорда тұрғындарының айтуынша, оқиға қала көшелерінің бірінде болған. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер тергеу жүргізіп жатыр. Осы көліктің жүргізушісі міндетті түрде жазаланады. Оған қандай жаза қолданылатыны жайлы қосымша толықтырып айтатын боламыз", - деді Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама