Қызылжарда 21 жастағы кикбоксшы финалдан кейін есінен айырылды

Қызылжарда 21 жастағы кикбоксшы финалдан кейін есінен айырылды © "Астана" телеарнасы

?ызылжарда 21 жасар кикбоксшы Азамат Досымбай финалдан кейін есінен айырылып, кома?а т?сті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қызылжарда 21 жасар кикбоксшы Азамат Досымбай финалдан кейін есінен айырылып, комаға түсті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, елорданың намысын қорғаған Азамат Досымбай ел біріншілігінде ақтық сынға дейін жетіп, финалда жеңіліп қалған. Ал турнир аяқталған соң есінен танып қалып, аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының басына екі рет ота жасалды, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Бірақ, телеарна мәліметінше, спортшының туыстары өзге ақпарат беруден бас тартып отыр.

Реклама
Реклама

"Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Ешкім нокдаунға түскен жоқ. Азамат Досымбайдың ауырсынғанын байқаған жоқпын. Марапаттау рәсімі кезінде спортшы өзін бос ұстады. Мұны жаттықтырушылары да растап отыр", - дедйі СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Есеналин.

Азамат Досымбай бір ай бұрын әлем чемпионатына қатысып, қола жүлдені жеңіп алған болатын. Кейбір мамандар оның есінен тануын демалыстың аздық еткенімен байланыстырады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама