10 қаңтар 2024 15:35

Рахат Тұрлыханов пен әйелі сот ісіне қатысты видео-үндеу жасады

видео кадры

Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов жұбайымен өзіне қатысты сот ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов жұбайымен өзіне қатысты сот ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео басында Тұрлыханов соңғы жаңалықтарға байланысты жағдайға пікір білдіруді ұйғарғанын түсіндіреді. Кейін ол сөз кезегін әйеліне береді.

"Рахатпен арамыз жақсы. Рахат - мейірімді күйеу. Иә, арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", - дейді әншінің жұбайы видеода.

Реклама
Реклама

Ол алаңдайтын ештеңе жоқ деп сендірді.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов - депутат Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі. Былтыр қазанда Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып тастағаны туралы ақпарат тараған еді.

Рахат Тұрлыханов - танымал әнші. Оның "Әжеме", "Танцуй, как огонь", "Зимние ливни", "Азем" сынды әндері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram