ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 26 ақпан 2014, 11:49
Ресей хоккейшілері мінген ұшақ Астанаға апатты жағдайда қонды
Ресейлік Center South әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана халықаралық әуежайы" АҚ маркетинг бөлімінің бастығы Людмила Копейчукке сілтеме жасап."25 ақпан күні сағат 23.49-да Қарағанды - Пермь бағытындағы 9652 рейсіне шыққан Center South әуе компаниясының ТУ-134 жолаушылар ұшағы двигателінің істен шығуына байланысты Астана әуежайына апатты жағдайда қонды", - дейді Копейчук.Ұшақ бортында 31 жолаушы болған, олар - "Молот" хоккей командасының ойыншылары және экипаждың 12 мүшесі бар, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта двигательдің істен шығу себебін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Ақау табылған ұшақтың жолаушылары "Эйр Астана" компаниясының тұрақты рейсімен Мәскеуге ұшып кеткен.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии