Ресейде болған жол апатынан қазақстандықтар зардап шекті

© Tengrinews.kz

?азан-Оренбург-А?б?ла? тас жолында екі к?лік со?ысып, ?ш ?аза?станды? зардап шекті, - деп хабарлайды ria56.ru басылымы. Сондай-а?, Volkswagen Polo Mercedes-Benz к?лігіне жол бермегені айтылады.

Қазан-Оренбург-Ақбұлақ тас жолында екі көлік соғысып, үш қазақстандық зардап шекті, - деп хабарлайды ria56.ru басылымы. Сондай-ақ, Volkswagen Polo Mercedes-Benz көлігіне жол бермегені айтылады.

Жол-көлік оқиғасы Соль-Илецк қаласына барар жолда болған. Көліктер қатты бүлінген. Volkswagen көлігінің жүргізушісі жабық бассүйек ми зақымын алып, Соль-Илецк ауруханасының хирургиялық бөліміне жеткізілген. "Фольксваген" көлігіндегі екі жолаушы ішіне және бас миына заықм алып, жергілікті аурухананың хирургия бөліміне жеткізілді.

"Зардап шеккен азаматтардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары болды", - деп хабарлады Оренбург облыстық ІІМ баспасөз қызметіндегілер. Жол апатына қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама