Ресейліктер елімізден 200 келі өзен шаянын алып өтпек болды

©barnaul.fishretail.ru

Ресей азаматтары Қазақстаннан 200 келі өзен шаянын алып өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Қарашатау" өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары 200 келі теңіз шаянын заңсыз жолмен өткізбек болған Ресей Федерациясының бес азаматын ұстады. Еліміздің табиғатында сирек кездесетін және жоғалудың алдында тұрған жәндіктерді аталған азаматтар "УАЗ-3962" автокөлігімен Қазақстаннан Ресейге алып өтпек болды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек Әйтеке би ауданының құқық қорғау органдарына хабарланды. Тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама