ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2021 | 10:41
Ресейде автобус тежегіші істен шығып, 6 адам қаза тапты
Свердлов облысында автобустың тежегіші істен шығып, 6 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Свердлов облысында автобустың тежегіші істен шығып, 6 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Басылым мәліметіне сүйенсек, автобус аялдаманы соққан. Жол апатынан 6 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті.
"Лесное жабық әкімшілік-аумағындағы Горный кенті, Калинин көшесінде автобус тежегіші істен шығып, салдарынан көлік зауыттың өткізу бекетіндегі аялдамаға кіріп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, 10 адам зардап шеккен. Олардың алтауы қайтыс болды", - делінген агенттікке жедел қызмет өкілі берген хабарламада.
Сондай-ақ, аймақтық полиция қызметкерлері 15 адам зардап шеккені туралы хабар таратты.
"ПАЗ автобусы жұмысшыларды Свердлов облысындағы кәсіпорнынға апара жатқан. Биіктен түсу кезінде автобустың тежегіші істен шыққан. Ол кәсіпорынның қақпасын асыққан жылдамдықпен соғып, аялдамада көлікті күтіп тұрған адамдарды қағып кеткен", - деді Ішкі істер министрлігінің бас басқарма өкілі РИА Новостиге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также