19 қазан 2024 | 12:47

Ресейде газ кетуінен көпқабатты үйде жарылыс болды

Mash

Ресейде газ кетуінен көпқабатты үйде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash арнасына сілтеп.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде газ кетуінен көпқабатты үйде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash арнасына сілтеп.

Тамбов облысы Кирсанов қаласында тұрмыстық газ кетіп, үй жарылды. Оқиға салдарынан екі адам жан тапсырғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Коммунист көшесіндегі үйдің төртінші қабатында жарылыс болды. Кейін өрт шығып, адамдар эвакуацияланды. Сегіз адам ауруханаға жүгінді, екі адам қаза тапты", - деп хабарлады Mash.

Оқиғаның алдын ала себебі - газ кетуі. Үйдің төртінші және бесінші қабаттары қирап қалды. Өрт 150 шаршы метр аумақта тарады.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram