18 сәуір 2023 | 10:16

Ресейде Jah Khalib-тің концерттерін тоқтату талап етілді

Дина Шарипханова Корреспондент

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің (Бақтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концертін тоқтату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің (Бақтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концертін тоқтату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әділетті Ресей" партиясының ресейлік депутаты Яна Лантратова Ресей билігінен қазақстандық рэп орындаушы Jah Khalib-тің соғысқа қарсы мәлімдемелеріне байланысты Мәскеуде өтетін концертіне тыйым салуды талап етті. Бұл туралы ол Telegram-арнасына жазды.

Ресейлік рэпер әрі журналист Аким Апачев та ВКонтакте желісіндегі парақшасында Jah Khalib-тің концерттерін тоқтатуға шақырды.

Реклама
Реклама

"Биыл Мәскеуде Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің екі концерті жоспарланған. Бұларың не? Мүмкін, Кремльде Зеленскийдің концертін ұйымдастырарсыздар? Елімізді жамандайтындардың бәрін айдау керек. Жау жау болып қалады, ол Мәскеудегі концерт үшін одақтас болып кетпейді", - деп жазды ол.

Jah Khalib 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall-да және 25 сәуірде Санкт-Петербургте өнер көрсетеді деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная